БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне мониторинг

Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мемлекеттік тізімге енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштердің сақталуы мен техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік инспекцияның басты міндеті тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану, сондай-ақ материалдық және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қорғау болып табылады.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында 2159 ескерткіш қорғауда тұр. Оның ішінде 31 Республикалық маңызы бар, 162 жергілікті маңызы бар және 1966 археологиялық ескерткіштер.

Бұл жұмыстар үш бағытта жүргізілуде:

1. Облыс орталығындағы сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің, сондай-ақ Орал қаласы аумағының шекарасы шегінде орналасқан археология ескерткіштерінің мониторингі;

2. Облыстың әкімшілік аудандарындағы сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің мониторингі;

3. Археология ескерткіштеріне қорғау белгілерін орнату, құжаттаманы жаңарту мақсатында жылына бір аудан бойынша жоспарлы мониторинг.

Жоғарыда аталған жұмыстарды тексеру үшін Инспекция іссапарлар мен далалық экспедицияларды ұйымдастырады.

Мемлекеттік қорғауда тұрған, сондай-ақ жаңадан анықталған облыстың тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері туралы тарихи материалдар мен анықтамалар үнемі жинақталады.

Яндекс.Метрика