БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Ғылыми-реставрациялық қызмет

Биыл Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратына (ХІХ ғ. ескерткіші) жалпы сомасы 25792,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда;

Сондай-ақ, Х. Есенжанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратына (ХІХ ғ. ескерткіші) жалпы сомасы 6525,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;

Х. Бөкеева атындағы облыстық драма театрының ғимаратын күрделі жөндеу үшін, ЖСҚ әзірлеуге (ХХ ғ. ескерткіші) 8800,0 мың теңге бөлінді.

Бөкей ордасы ауданында Хан Ордасы мұражай-қорығының әкімшілік ғимараты мен визит-орталығы құрылысы үшін, ЖСҚ әзірлеуге 9600,0 мың теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта тарихи ғимараттардың иелерін анықтау, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бірінші кезекте жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет тарихи ғимараттардың тізімін жасау, қаланың тарихи бөлігінің сәулет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жоспарын жасау міндеттелген жұмыс тобы құрылды.

Яндекс.Метрика