БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні, мақсаты және түрлері

 

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні – тарихи-мәдени мұралардың дамуын, сақталуын қамтамасыз етуде қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаттары:

1) тарихи-мәдени мұралар объектілерін сақтау, әйгілеу және насихаттау;

2) тарихи-мәдени мұралар объектілерінің құқықтық статусын бекіту;

3) тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін айқындау;

4) тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін есепке алу, тіркеу, қорғау және ұстау.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1) Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтап, пайдалануда облыстың мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуына және ұйымдастырылуына қатысып, бағдарламалар әзірлейді;

2) Тарих және мәдениет ескерткіштерін ұстау реті мен пайдаланылуы жағдайына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сонымен қатар оларды жөндеу, қайта жаңғырту және консервациялау жұмыстарының орындалуына, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қайта жаңғырту және пайдалану мәселелерінің нормативтік-құқықтық актілерін өңдеп, келісім жасауға мүмкіндік береді;

3) Облыс аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуы және пайдаланылуы ережесінің тәртібін қамтамасыз етеді;

4) Тарих және мәдениет ескерткіштеріне зерттеу, жобалау және жаңғырту, сақтау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының белгіленген Заңымен рұқсат етілген құжаттар мен лицензиялар беру жөнінде ұсыныс түсіреді;

5) Барлық категориядағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төнген жағдайда қызметті тоқтатады немесе тыйым салады.

6) Мәдени құндылықтардың алып келуіне және сыртқа шығарылу тәртібі жөнінде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

7) Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарын «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы» бұзған қоғамдық бірлестіктер, мекемелер, азаматтарды жауапкершілікке тартуды өтінеді;

8) Тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылғандардың қортындысын дайындауға, сонымен қатар оның статусының жойылуына комиссияның жұмысын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының белгіленген Заңдары тәртібімен, Республикалық мәні бар тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметіне беркіту үшін ұсыныс дайындайды, облыстық әкімдікке беркіту үшін жергілікті мәні бар тарих және мәдениет ескерткіштерін ұсынады;

9) Мемлекеттік меншікте тұрған және тарихи-мәдени ескерткіш болып саналатын ғимараттарды пайдалану жөніндегі мәселелермен келіседі;

10) Мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, музейлердің, кітапханалардың, архивтердің, оқу орындарының қорындағы немесе пайдалануындағы Қазақстан Республикасының меншікті дүниесі болып саналатын тарихи, басқа да мәдени құндылықтарды айқындап, есепке қойып, бақылайды;

11) Қорғау аумақтарының шекараларын, құрылыс аумақтарын реттеу және табиғи көрініс - болмысы қорғалатын аумақты анықтауды жергілікті өкімет органдарымен келіседі, көрсетілген аумақтарда жер, құрылыс, шаруашылық, басқа да жұмыстар өндіруге тыйым салады;

12) Қозғалмайтын тарих және мәдениет ескерткіштері бұзылған, ауыстырылған және өзгерген жағдайда ғылыми зерделеу және фотофиксация жұмыстарын жүргізеді.

13) Жер учаскелерін бөлу кезінде аумақты игерудің барлық түрінен жерді пайдаланушылар есебінен тиісті мамандарды тартып, тарихи-мәдени мұралар объектілерін анықтап, есепке алуда барлау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады.

14) Ғылыми зерттеу, тарихи-документалды кітаптар, қолжазбалар, ғылыми жинақтар, кітап-альбомдар және буклеттер негізінде тарихи-мәдени мұраларын жария етуде коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыстарын дайындайды, баспаға береді және таратады.

15) Облыс аумағында тарихи-мәдени мұралардың кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тарихи жеке тұлғалардың мерейлі шараларын, ғылыми- теоретикалық, практикалық конференция, көрмелер, арнайы оқуларын ұйымдастырып, өткізеді. Қызығушы ұйымдармен бірлесіп ескерткіштер жөнінде қамқоршылық (шефтік) мәдени мұралар сферасында ұлттық дәстүрлер, мерекелер мен салттардың жандануына мүмкіндік туғызады.

16) Тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне ғылыми-зерттеу, ғылыми- реставрациялау, жобалау-сметалық және басқа да жұмыстарды ұйымдастыру;

17) Этнографиялық, археологиялық және басқа да ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысу;

18) Тарих және мәдениет ескерткішетеріне қорғау белгілерін (тақтайша) орнату және дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;

19) Ескерткіштерді паспорттау, тексеру жұмыстары бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

20) Тарих - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы Заңнама нормаларының сақталуын қадағалау бойынша барлық санаттағы ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жүргізу;

21) Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

22) Тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін тапсырыс беруші ретінде қатысу;

23) Мемлекеттің көрнекті қайраткерлерін есте сақтау үшін тапсырыс беруші ретінде қатысу.

Яндекс.Метрика