БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Тарихы

 

«Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімінің 03.04.1996 жылғы №58 шешімімен облыстың тарихи-өлкетану музейінің ескерткіштерді қорғау бөлімі базасында құрылды.

1998 жылдың 10 қыркүйегінде «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі Заңды тұлғасының статусы алынды. Облыс әкімінің 17.02.1999ж. №29 шешімімен Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының МКҚК «Тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің атауын өзгерту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2013 жылғы №265 Қаулысы негізінде, Мемлекеттік инспекция «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәртебесін алды. Мемлекеттік инспекция Батыс Қаақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 11.12.2013 жылғы №240 бұйрығымен беркітілген Жарғысына сай әрекет етеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі №290 Қаулысы негізінде «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы өзгерті.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы №109 Қаулысы сәйкес, «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылды.

Яндекс.Метрика