Құрметті сайтты пайдаланушылар!
Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның сайтына қош келдіңіздер!
Сіздер сайттан облыстың тарихи-мәдени мұра объектілері мен археология ескерткіштерін зерттеу және сақтау бағытындағы жұмыстармен танысып, ақпарат ала аласыздар.
Тарихи-мәдени мұра объектілері мен археология ескерткіштерін анықтау, зерттеу, есепке алу, сақтау, насихаттау, әйгілеу, қайта қалпына келтіру бағытындағы ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды осы жеке блок арқылы білдіруге шақырамын.
Құрметпен,
«БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ директоры
Жангиров Бек Тыныштықұлы