БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Хадиша Бөкееваның 105 жылдығы мен Сейтқали Меңдешевтің 140 жылдығын республикалық көлемде атап өту жоспарлануда

Биыл өңірімізде Қазақстанның халық әртісі, профессор Хадиша Бөкееваның 105 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешевтің 140 жылдығын республикалық көлемде атап өту жоспарлануда.

Аталмыш мерейтойларды мерекелеу бойынша өңірлік жоспар жасақталды. Ауқымды іс-шаралармен қатар Хадиша Бөкеева мен Сейтқали Меңдешевке (Орал қаласы) ескерткіш орнату жоспарланған.

Хадиша Бөкеева 1917 жылғы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Казталовка селосында дүниеге келді. Қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор.

Меңдешев Сейітқали 1882 жылы  Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері С.Меңдешев артына елеулі әдеби мұра қалдырды. Оның жарық көрген мақалалары мен баяндамаларының тізімі 40-тан асады. Қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметінен сыр шертетін 20-дан астам тарихи еңбектер, мақалалар мен естеліктер бар.

Аса дарынды актриса, көрнекті өнер қайраткері Х. Бөкеева мен Мемлекет және қоғам қайраткері С.Меңдешевтің  жарқын бейнелерін есте сақтау мақсатында, БҚО әкімі Ғ.Н.Есқалиевке 2019 жылдың 22 қазан күні БҚО қоғамдық кеңес төрағасы Е.Салықовтың №19 хаты және  2020 жылдың 5 қазан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры директоры С.Абулгазиеваның № 219/1-69 хаты жолданды.

Яндекс.Метрика