БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Тәжірибемен алмасу – кәсіби қажеттілік

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының жылдық жұмыс жоспарына сай қала құрылысы және сәулет бөлімінің меңгерушісі Абзал Байбеков пен археология бөлімінің меңгерушісі Ерұлан Орынбасаров негізгі қызмет барысында тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы мен Түркістан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану орталығында болып, оңтүстік өңірдегі әріптестермен кездесіп, тәжірибе алмасты. Өз кезегінде оңтүстіктік әріптестер ақжайықтықтарға негізгі қызметтері аясында тарихи-мұралар тақырыбына шығарылған кітаптарын сыйлап, тарихы тереңнен сыр шертетін Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларындағы орта ғасырдан сақталған қалашықтар мен кесенелерді көрсетіп, олардың тарихына шолу жасады.

Яндекс.Метрика