Өңіріміздегі темір мен қола дәуіріндегі, сондай-ақ, орта ғасырға жататын археологиялық нысандар, мемлекеттік қорғауындағы ескерткіштерге жатады. 2020 жылдың 1-6 қазан күндері өңіріміздегі ежелгі тарихымыздан сыр шертетін мемлекеттік қорғауындағы жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерге қойылған Орал қаласында 2 және Тасқала ауданы бойынша 78 қорғау белгісіне тексеріс жүргізіп, осы археологиялық обьектілерді паспорттау үшін мәліметтер жинап, аталмыш белгілерге инвентарлық нөмірлерін жазу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция қызметкерлері жұмыс сапарымен Тасқала ауданының ауылдық округтерінде іс сапарда болды.
Мұндағы мақсат: тарихи нысандар мен қорғау белгілерінің жай-күйін қарап, мониторинг жүргізіп, қар және жаңбыр суларымен қорғау белгілеріндегі кеткен нөмірлерді қайта жазу.
Ахмедияр Батырханов,
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени
мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспекциясы КММ-ның иснпекторы