26 қыркүйек күні Орал қаласында ақын жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің ескерткіші орнатылғаны күллі қазақ еліне белгілі. Мерзімді басылымдар мен әлеуметтік желілерде жақсы жаңалықты тілшілер жарыса жазған еді. Осы ескерткіштің орнатылуына сүбелі үлес қосқан Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция директоры Бек Жангиров бастаған ұжымды Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев 2 қазан күні алғыс хатпен марапаттады.