БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы

Орал қаласында ақын Жұбан Молдағалиевке ескерткіш орнатылды

Ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында Орал қаласындағы Жұбан саябағында еңселі ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатты шарасына Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, орынбасары Мереке Құлкенов, ақындар Жүрсін Ерман, Светқали Нұржан, Жанарбек Әшімжан сынды қаламгерлер, Қазақстанның Халық артісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев және ақынның жары София Мәлікқызы арнайы келіп қатысты.

Ақынның ғасырлық тойына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған құттықтау хатты Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев көпшілік алдында оқып берді. Еңселі ескерткішті ашу рәсімі өңір басшысы Ғали Есқалиевке және ақынның жары Софья Молдағалиева мен өлкетанушы Жайсаң Ақбайұлына берілді. Салтанатты шарада ақын Ұлықбек Есдәулет, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ескерткіш авторларының бірі, сәулетші Серік Рустамбеков, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, ақын Сағынтай Бисенғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Ақынның ескертіші қоладан құйылған. Ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр. Ал 1,7 метрлік тұғырнама табиғи граниттен жасалған. Ескерткіштің авторлары астаналық сәулетші  Серік Рүстамбеков пен  мүсінші Ербол Зиябеков.

Яндекс.Метрика